ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ат спортының ардагері, КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы, Түлкібас ауданының құрметті азаматы Әбілхан Дауылбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған көкпардан республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті,- деп хабарлайды turkistan.today
Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 8 команда қатысып, үш күн бойы бас жүлдені өзара сарапқа салды. Жарысқа Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы, сондай-ақ Қазығұрт және Меркі аудандарының таңдаулы шабандоздары қатысты.
Тартысты өткен сайыс нәтижесінде төртінші орынды Алматы облысының командасы иеленіп, темір тұлпарға ие болды. Қола жүлде Шымкент қаласының құрамасына бұйырып, шабандоздар 2 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақыны қанжығаларына байлады. Екінші орынды еншілеген Түркістан облысының көкпаршыларына 3 миллион теңге көлемінде жүлде табысталды. Ал ұлттық ойынның майталмандары – Жамбыл облысының құрамасы қарсыластарынан оқ бойы озып, бас жүлдеге қол жеткізді. Жеңімпаз командаға 5 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Турнир аясында үздік ойыншылар да марапатсыз қалмады. «Үздік ойыншы» атағы Жамбыл облысының шабандозы Ерғалым Жақсылыққа бұйырса, Шымкент қаласының ойыншысы Әділет Мамыт «Үздік қорғаушы» атанды. Түркістандық Абылайхан Нышанбеков «Үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды. Ал Шардарадан келген Сейфулла Нұрхалықовтың «Саян» есімді тұлпары «Үздік сәйгүлік» атанды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.