Түркістанда Ұлттық кітап күні құрметіне әскери бөлімде жылжымалы кітапхана пункті ашылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 23 сәуір, 2025

Бүгін, 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, кітап оқуды кеңінен насихаттау және әскери қызметкерлердің рухани дамуына қолдау көрсету мақсатында Түркістандағы ҚР Ұлттық Ұланына қарасты 5574 әскери бөлімінде, «Фараб» кітапханасының №6 жылжымалы пункті ресми түрде қолданысқа берілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Кітапхана әскери қызметкерлердің бос уақытын тиімді пайдалануына, көркем, танымдық және патриоттық әдебиеттерге қолжетімділік алуына толық мүмкіндік береді.

Бұл шара – кітапты ұлықтау арқылы қоғамның барлық саласында, соның ішінде әскери ортада да оқырман мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Жылжымалы пункт тек әскери қызметкерлердің рухани сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына да ықпал етеді.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.