Түркістанда облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының бірлесуімен Ұлттық кітап күніне орай шара өтті. Салтанатты жиында облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Нұржанұлы арнайы сөз сөйлеп, мерекенің маңыздылығына тоқталды,- деп хабарлайды turkistan.today
Сондай-ақ жиынға қатысқан журналист Тельман Бейсен, тарихшы-ұстаз Баян Адырбек, мәдениет қайраткері, Түркістан қаласындағы «Әйелдер алқасының» төрайымы Ұлжан Мұстафаева, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Сайлаухан Жоланов, журналист Төребек Байтас, ақын Дәурен Тілеухан ұлттық кітап күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шарада үздік оқырмандар анықталып, арнайы марапатталды.
Бұдан бөлек, іс-шараға «TalkLike» оқырмандар клубының мүшелері мен оқырмандары қатысты. Мәдени шара - кітап сүйер қауымның демалыс күндеріндегі оқуға деген махаббатын, жайлы атмосферасын және оқыған кітаптарынан алған әсерлерін бөлісуге бағытталған. Сонымен қатар іс-шара барысында әдеби викториналық сұрақтар қойылып, кітап көрмесі жасақталып, шолу таныстырылымдар өткізілді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.