Түркістанда Мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 22 мамыр, 2025

Бүгін Түркістанда 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс-шара өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады,- деп хабарлайды turkistan.today

– Қасиетті Түркістан өңірінің дамуында сіздердің үлестеріңіз мол. Мемлекет басшысының Жарлығымен Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бұл бастама аймақта мәдениет саласын дамытуға да серпін береді. Өңірде көптеген мәдениет ошақтары салынып, халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді. Өнер мен мәдениет саласының дамуындағы үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білідіремін.  Облыс орталығына айналған қасиетті шаһарда руханиятқа, өнерге айрықша көңіл бөлініп келеді. Мұның бәрі Түркістанның жаңаша бағытта дамуына жасалған оң қадамдар деп білеміз. Алдағы уақытта да Түркі әлемінің рухани бағдарына айналған шаһарда мәдени іс-шаралар жалғасады, – деді облыс басшысы. 

Жиын барысында елдің әлеуметтік-мәдени және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мәдениет қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды. 

Өңір басшысы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директор орынбасары Нұрлан Дүкенбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалін, «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айгорим Мусагажиноваға және «TURKISTAN SILK WAY HARBOR» ЖШС-нің бөлім меңгерушісі Махсад Халметке «Шапағат» медалін, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртісі Айжан Ахмухановаға табыстады. Сондай-ақ бір топ өнерпаз ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі,   ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. 

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов пен «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев те мәдениет өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады. 

Алдымен қонақтар арнайы жасақталған кітап көрмесін тамашалады. Мерекелік шарада мәдениет саласындағы жетістіктер туралы бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды. Түркістан музыкалық драма театрының әртістері музыкалық-хореграфиялық қойылымды сахналады. Кеш барысында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ғазизхан Шекербеков,  «Сарын» тобы, «Фараб» би ансамблі, «Саялы Сарыағаш» ансамблі, «Жаңа леп» ұжымы және тағы басқа облыс таланттары өнер көрсетті. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында 669 мәдениет және өнер мекемесі бар. Оның iшiнде 387 кiтапхана, 258 клуб мекемесі, 24 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді. Түркістан қаласынан бөлек, облыстың басқа аймақтарында да мәдениет саласында оң өзгерістер байқалады. Өткен жылдың өзінде аудан, қалаларда 4 мәдениет үйі пайдалануға берілсе, биыл 7 мәдениет ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Облыстық мәдениет мекемелері республикалық, халықаралық байқауларда өңір намысын қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінуде.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.