Түркістанда «Мархабат Байғұт оқулары» шығармашылық байқауы қорытындыланды. Байқау - жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби және «Түркіәлеміне қызмет» сыйлықтарының иегері, «Құрмет», «Парасат» және «Барыс» орденінің иегері, Түркістан облысының «Құрметті азаматы» Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр,- деп хабарлайды turkistan.today
Байқаудың іріктеу кезеңіне 17 аудан және Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасынан жалпы саны 720-ға жуық бала қатысып өз бағын сынады. Ақтық мәреге 4 кезең бойынша 144 қатысушы жолдама алған. Жарыс 4 бағыт бойынша өткен.
Жазушының шығармасы бойынша иллюстрациялық суреттер салу бағытында I дәрежелі дипломмен төлебилік Гауһар Ерелхан марапатталса, Мархабат Байғұт шығармаларынан мәнерлеп оқу сайысында Сауран ауданының қатысушысы Рухшона Ғазизхан жеңіп алды. Ал, біртуар тұлғаның журналистика саласына қосқан үлесі, жарық көрген мақалалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша I дәрежелі дипломмен Отырар ауданынан келген Сымбат Тұрдалы марапатталды. Мархабат Байғұт шығармаларынан сахналық қойылым бойынша Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі үздік деп танылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.