Түркістанда шахматтан «Senat Open» турнирі басталды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 21 ақпан, 2025

Түркістанда ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен, Қазақстанның шахмат федерациясының ұйымдастыруымен ірі шахмат турнирі – «Senat Open» ІІ Кубогы басталды,- деп хабарлайды turkistan.today

Осы шараны өткізу жөнінде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастама көтерген болатын. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов оның идеясына қолдау білдіріп, бұл сайыс жұртшылықты қызықтыра білді.

Шахмат ойынын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысты ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат Қадырбек, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бекарыс Шойбеков және  онлайн  бейнеролик арқылы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді.

Мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері мен БАҚ өкілдері келесі кезеңге өту үшін бақ сынасып жатыр. 

Жарыс үш кезеңнен тұрады. Алдымен іріктеу кезеңі өткізіледі. Екінші кезең жартылай финал болса, үшінші кезең, яғни,  республикалық финалдық турнир өтеді. 

Кубок мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылық арасында шахмат ойынын кеңінен таратуға, сондай-ақ аймақтар мен жергілікті өкілді органдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.