Түркістандағы жалпықалалық сенбілікте 100 тоннадан астам қоқыс жиналды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 26 сәуір, 2025

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер мен 6 сектордың қызметкерлері, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері белсене атсалысты. Жалпы саны 800-ге жуық адам қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында алдын ала белгіленген аумақтарда шөптер шабылып, ағаш түптері әктеліп, жаяу жүргіншілер жолдары сыпырылып, тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтары жиналды. 

Нәтижесінде 100 тоннадан астам қоқыс шығарылып, арнайы полигондарға жеткізілді.

Тазалық жұмыстары Түркістан қаласы аумағында экологиялық тұрғыдан маңызды деп танылған 18 учаскеде жүргізілді. Аталған аумақтарда санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру шаралары атқарылды.

Түркістан қаласы әкімдігі мен тиісті мекемелер қоршаған ортаны қорғау, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және қала аумағында санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.