Түркістанда Заң және тәртіпті жырға қосқан республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 30 сәуір, 2025

Заң мен тәртіп идеологиясын нығайту мақсатында,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ – ұлт болашағы» атты республикалық жас ақындардың жыр мүшәйрасы өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық құндылықтарын насихаттау, шығармашылық белсенділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардан жас ақындар қатысты.

Байқауға қатысушылар «Адал ұрпақ – ұлт болашағы» және «Түрленген, гүлденген Түркістан» тақырыбындағы шығармаларын ұсынды. Сонымен қатар жас ақындар Ұлы Жеңістің 80 жылдығын елеусіз қалдырмай, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге құрмет көрсетіп, ерліктерін жырға қосты. 

Рухани шараның ашылуында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, ақындарға сәттілік тіледі.  Сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмыстарын белсенді іске асыруға тарту бүгінгі күннің маңызды жұмысы екенін атап өтті.

Байқаудың ақтық сайысына өткен жас ақындардың арасынан түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.  Нақтырақ айтсақ, қазылар алқасының шешімімен 1-орынды атыраулық жас ақын Долорес Русланқызы жеңіп алды. Ал 2-орын Шымкент қаласынан келген Ақсүйкім Ізбасар мен түркістандық Айбек Бердішке бұйырса, 3-орын Абай өңірінен Адина Омарғазина  мен Түркістан облысынан Қасымхан Исаханға  берілді. 

Мүшәйрада жас ақындарға айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова, қаламгер Қаныбек Сарыбаев атындағы жүлделер мен   облыстық Қоғамдық даму басқармасының арнайы жүлделері тапсырылды. Одан бөлек 7 қатысушыға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табыс етілді. 

Айта кетейік, байқау «Алтын орда» қайырымдылық қоғамдық қорының қолдауымен өтті.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.