Түркістандық 70 жас сарбаз отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 9 қазан, 2024

Төрт айдың ішіндеТүркістан облысынан 18-27 жас аралығындағы 2500-ден астам азамат әскер қатарына шақырылады

Түркістан қаласының жастар ресурстық орталығының алаңында  ҚР Қарулы күштері қатарына 40 жас өрен мен ҰҚК Шекара қызметінің шекті командасы қатарына 30 жігітті салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Іс-шараға әскери сала мен соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлер, жас сарбаздардың туыстары мен жақындары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев әскердегі қызмет – әрбір азаматтың қасиетті борышы және әрбір қазақстандық отбасының тыныштығының кепілі екенін атап өтті, сондай-ақ жас сарбаздар буынына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ Қарулы Күштер ардагерлері облыстық кеңесінің төрағасы запастағы подполковник Бабай Алдабергенов әскерге шақырылушыларға ақ жол тілеп, елдің қауіпсіздігін сақтау оның әрбір азаматының аса маңызды міндеті екенін атап өтті.

Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Күлдербаевтың айтуынша, бүгінгі күні ҰҚК Шекара қызметіне күзгі шақыру жоспарына сәйкес облыстан медициналық және психологиялық комиссиядан өткен 300-ден астам әскерге шақырылушы жіберілді. Бұдан басқа, бүгіннен бастап Қарулы Күштер қатарына әскерге шақыру жасындағы 1000-нан астам азамат шақырылады. Ал күзгі шақыру науқаны осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Шақыру науқанының жоспарына сәйкес бірінші кезекте ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелері, Мемлекеттік күзет қызметі, содан кейін Қарулы Күштердің әскери бөлімдері, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы жасақталатынын атап өткен жөн. Ал төрт айдың ішінде Түркістан облысынан 18-27 жас аралығындағы 2500-ден астам азамат әскер қатарына шақырылады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.