Түркістандық делегация Ташкентте өзбек инвесторларымен меморандумға қол жеткізді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 3 мамыр, 2025

Ташкент қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жобасы аясында ТМД Экономикалық кеңесінің 105-ші отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің алғашқы «Аймақтар форумы» өтті,- деп хабарлайды turkistan.today 

ТМД елдерінің жоғары лауазымды өкілдері бас қосқан Экономикалық кеңестің кезекті отырысына елімізден ТМД Экономикалық кеңесіндегі Тұрақты өкілі Бекетжан Жұмаханов пен Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков бастаған делегация құрамында Жетісай ауданының әкімі Серік  Мамытов пен еліміздің өңірлерінен барған 50-ге тарта қазақстандық табысты компаниялардың өкілдері қатысты. Форумда Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова баяндама жасады.

Форумда мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды күшейтуге бағытталған негізгі құжаттар – әуе қозғалысын ұйымдастырудың ұлттық жүйелерін үйлестіру, халық денсаулығын қорғау, жеңіл өнеркәсіпті дамыту және ауыр машина жасау саласындағы ынтымақтастыққа қатысты тұжырымдамалардың жобалары мақұлданды.  Өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған жаңа жобада  сауда-экономикалық, инвестициялық, өндірістік-технологиялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. «BMB Holding» және «Uz Trade» компанияларының басшылығымен екіжақты кездесулер өткізіліп, агроөнеркәсіптік кешен мен жеміс-көкніс өнімдерін жеткізу салаларындағы ынтымақтастықтың мәселелері сөз болды.

Шара соңында маңызды меморандумдар жасалды. Олардың арасында Жетісай ауданы әкімдігі мен «Samarkand Irrigation System» компаниясы арасында меморандумдарға қол қойылды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.