Сәуірдің 22-сі мен 26-сы аралығында Шымкенттегі «Бадам» су қоймасында байдарка мен каноэде есуден жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің 11 аймағынан 2007-2008 жылы туған 112 спортшы қатысты. Түркістан облысының намысын 16 ескекші қорғады,- деп хабарлайды turkistan.today
Түркістан облыстық су спорт түрлері мектебінің спортшылары бағдарламаның түрлері бойынша 10 жүлде, оның ішінде 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль еншіледі.
Атап айтқанда, Руслан Федотов 1000 метр қашықтықта бірлік каноэден алтын жүлде еншілеп, Азия чемпионатына жолдама алды. Дәулет Шалдар мен Руслан Федотов 500 метр қашықтықта төрттік каноэда жүзуден облыс қоржынына тағы екі алтын әкелді. Зоя Прядка
төрттік байдаркада 500 метр қашықтықта күміс жүлде жеңіп алды. Сонымен бірге байдарка бірлік пен байдарка екілікте 5000 және 500 метр қашықтықта екі қола медаль жеңіп алды.
Ол 12-16 маусым аралығында Паттайяда (Тайланд) өтетін Азия чемпионатына қатысатын болды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.