Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты 2025 жылдың күзінде ресми түрде түркі әлемінің мәдени астанасы танылған Ақтау қаласында өтеді,- деп хабарлайды turkistan.today
Бұл – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, кәсіби кеңістік құруға және түркітілдес елдердің жас мамандары арасында тәжірибе алмасуды ынталандыруға бағытталған ауқымды бастама. Чемпионат жастардың әлеуетін ашуға, заманауи технологияларды ілгерілетуге және уақыт талабына сай білікті жаңа буын кадрларын даярлауға арналған маңызды алаң болмақ.
Чемпионатқа 16 мен 22 жас аралығындағы 100-ден астам жас маман мен 80-ге жуық жоғары білікті сарапшы қатысады деп күтілуде. Қатысушы елдер қатарында: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Моңғолия бар.
Жарыстар ақпараттық технологиялар, құрылыс және құрылыс технологиялары, өндірістік және инженерлік технологиялар, әлеуметтік және жеке қызметтер сынды 15 негізгі құзыреттілікті қамтиды. Әсіресе мобильді робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару сияқты болашағы зор бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді.
Чемпионатты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырады. Жобаны жүзеге асырушы — ҚР ОМ жанындағы «Talap» КЕАҚ және Маңғыстау облысының әкімдігі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.