Тамырымен қосып тып-типыл еткен. Алматыда күннен-күнге жасыл желек азайып барады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 1 тамыз, 2023

Қаланы көркейтудің орнына жайқалған ағаштарды кесіп тастаған. "Яндекс карта" жүйесі арқылы Алматының өткені мен бүгінін салыстырған Massaget.kz тілшісі сұмдық жайтқа куә болды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Алматы - тау бөктерінде орналасып, тал-терегі жайқалған жасыл қала. Төбесі түтінге тұнып тұрған қаланың ауасын таза ұстау үшін көшеттерді көбірек отырғызу немесе ағаштарды жүйелі түрде суарып, олардың санын тұрақты түрде көбейтіп тұру маңызды. Алайда қазіргі қала әкімі барлығын керісінше жасап жатқан секілді. Мәселен мынау "Абай" даңғылының қазіргі көрінісі.


Алматы. Абай даңғылы, 2023 жыл.

Ал келесі суретте 2017 жылғы көрініс. Арасы жер мен көктей. Әрине жеті жылда ағаштың жайқалып, жан-жағындағы көліктерге кедергі келтіруі мүмкін. Алайда шыршалардың жол жиегіне шығып тұрған бөлігін кесіп, тегістеуге болар еді ғой. Бірақ тамырымен алып тастаудың еш жөні жоқ.

Алматы. Абай даңғылы, 2017 жыл

2014 жылы да теректердің жайқалып тұрғанын аңғаруға болады.


Алматы. Абай даңғылы, 2014 жыл.

822

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.