Таңғажайып Turkistan байқауы өтуде

Таңғажайып Turkistan байқауы өтуде
Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, Түркістан облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін, туристік нысандары, мен өлкенің көрнекі жерлерін, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттау, туған жердің тарихын білуге баулуға бағытталған «Таңғажайып Түркістан» байқауына құжаттар өткізу ертең, яғни 20 маусым күні аяқталады, деп хабарлайды Turkistan Today.
Байқауда бағын сынап жатқан достар, жарияланған постардың скриншоттарын арнайы файл папкасына жинақтап (лайк, пікірлері, репост толық көрінуі тиіс) байқаудың ұйымдастырушыларына 2023 жылғы 20 маусымға дейін тапсырылуы тиіс.
Байқауға қатысу туралы өтінімдер мен құжаттар 2023 жылдың 20 маусымға дейін дейін ұйымдастырушының baikauturkistan2023@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет.
Тағы нені ұмытпау қажет?
Жалпы пост 300 символдан кем болмауы керек.
- Әрбір қатысушы кемінде 20 жариялым (пост) жасау керек;
- Байқау материалдары екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
- байқау атауын қолдану.
2.4. Байқауға 2023 жылғы 1 мамыр-20 маусым аралығында жарияланған материалдар қабылданады.
2.5. Қатысушы өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында пост жазып, #БізкөргенТүркістан, #ТүлегенТүркістан, #КиеліТүркістанғасаяхат, #Түркістанөлкесінен1селфи, #Түркістанға5жыл хэштегтерімен бөлісу керек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0