Таулы Карабахтан қоныс аударған армяндар үйлерін өртеп жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әлем 25 қыркүйек, 2023

Армения үкіметі Таулы Карабахтан мыңнан астам адам көшкенін хабарлады, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Үкіметтің мәліметінше, 410 адам өз қалауымен тұрғылықты жерінен қоныс аудару туралы шешім қабылдаған. Берілген тұрғын үйге 360 адам орналастырылып үлгерген. Тағы 280 адамның қажеттіліктері нақтылануда, - делінген хабарламада.

Карабахтан Арменияға көшкен алғашқы топ шамамен 40 адамнан тұрады: негізінен әйелдер, балалар және қарттар. Оларды Ресей бітімгерлері ертіп жүрген. Тұрғылықты елді мекенінен кетіп жатқандар үйлерін түгелдей өртеп кетуде. 

Бір күн бұрын Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян халыққа үндеуі кезінде Армения Таулы Карабахтан барлық отандасын қабылдауға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Бұрын хабарланғандай, Степанакерт қаласы 24 қыркүйекте Арменияның электр желісінен ажыратылып, Әзербайжанның электр желісіне қосылған.

2.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.