Тайқазанның Түркістанға оралғанына 34 жыл!

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 18 қыркүйек, 2023


1989 жылы 18 қыркүйек күні дәл осыдан 34 жыл бұрын еліміздің тарихи жәдігерлерінің жауһарына айналған тайқазан Түркістан қаласындағы Ясауи кесенесіне қайта оралған болатын, деп хабарлайды Turkistan Today.


1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі Эрмитажға Иран шеберлерінің III халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18 жұлдызында ғана тарихи отанына оралады. Бұл істе мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің сіңірген еңбегін айрықша атап өткен жөн. 


Алты ғасырлық мұра Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық бөлмесінде орналасқан. Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда Түркістан қаласының батысындағы Қарнақ елді мекенінде асыл металдардың қоспасынан құйылған. Салмағы - 2 тонна, сыйымдылығы - 3000 литр. Қазандағы үш қатар жазудың біріншісінде оны Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

774

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.