Серіктестер

Таза қала – ортақ міндет: Арыста жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды

Түркістан 17 тамыз, 2026

Арыс қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен мекеме ұжымдары тазалық пен тәртіпті сақтау жолында бірлесе еңбек етті,— деп хабарлайды turkistan.today

«Таза Қазақстан» шарасы аясында өткен бұл жолғы сенбілік қала орталығында өтті. Игі бастамаға қаламыздағы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, білім беру ұйымдары мен түрлі еңбек ұжымдары белсенді атсалысты.

Сенбілік барысында жол жиектеріндегі арамшөптер орылып, көшелер мен қоғамдық орындардағы қоқыстар арнайы қаптарға жиналып, тиісті орындарға жеткізілді. Қала аумағында тазалық жұмыстары қызу жүріп, шаһардың көркіне көрік қосты.

Сенбілікке көпқабатты тұрғын үй аулалары да белсенділікпен қатысты. Әсіресе, Әбдіразақов көшесіндегі №49 үйдің тұрғындары әдеттегідей үлгі көрсетті. Олар үй ауласын, ойын алаңдарын тазалап, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.

Қала әкімдігі сенбілікке белсене қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіре отырып, өзге тұрғындарды да қоршаған ортаға бейжай қарамай, үй іргелерін таза ұстауға, туған қаламызды көркейтуге үлес қосуға шақырады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.