“Таза Қазақстан”: Түркістан облысында 400 мыңнан аса ағаш егілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 17 наурыз, 2025

Түркістан облысында көктемгі ағаш егу және тазалық шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған шараға барлық аудан, қалалардан жалпы алғанда, 235 мыңнан аса тұрғын белсенділік танытып, өз қалалары мен ауылдарын тазартуға үлес қосты. Қала мен ауыл көшелерін тазалауға 1263 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 5 207 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің  төрағалығымен өткен апталық аппарат  жиынында айтылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов көктемгі ағаш егу науқаны бойынша баяндап, тазалық шараларына тоқталды. Оның айтуынша, биыл 1,2 млн. ағаш отырғызу жоспарланған. Оның ішінде 631 түп  ағашты көктем мезгілінде отырғызу көзделген.  Бүгінгі таңда аудан, қала аумағында 415 мыңнан аса түп  ағаш отырғызылып, су жүйелерімен қамтамасыз етіліп, қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бекітілген жоспарға сәйкес 2 апта көлемінде 342 елді мекенде тазалық шаралары жүргізілді. Бүгінгі таңда  «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 1582 өтінім түсіп,  оның 1564-і  орындалған. Ал қалған 18 өтінім орындалу барысында. Сондай-ақ биыл қоғамдық орындарда санитарлық талаптарын сақтамаған тұлғаларға 5256 хаттама толтырылған.

Биыл күтіп-баптау, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалыққа тиісті қаржы қарастырылған.

Басқосу соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру бағытындағы жұмыстарды жандандырып, күтіп-баптау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Өңірде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылуы қатаң бақылауда тұр. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.