“Таза Қазақстан”: Келесте 5 мыңнан аса адам қатысқан сенбілік өтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 13 сәуір, 2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясына Келес ауданында 5 мыңнан аса адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Тазалық акциясына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев және облыстық мәслихаттың депутаты Бахыт Басымбек  қатысып, жол бойындағы қоршауларды әрлеу жұмысына қолғабыс жасады. Сондай-ақ, аудан басшысы тазалық жұмысының барысымен танысу үшін аудан аумағын арнайы аралап көрді. 

− Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде Түркістан облысының Келес ауданында «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы ауқымды түрде жүзеге асуда. Бүгінгі сенбілікке жиырмаға тарта техника және 5 мыңнан аса адам күші жұмылдырылды. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың негізгі міндеті. Ауданымыз, ауылымыз өзімізге керек. Туған өлкемізді өзіміз таза ұстап, аялауды қолға алуымыз қажет. Мемлекет тарапынан түрлі шаралар атқарылуда. Тұрғындар да ауқымды жұмыстарымызға тазалықты сақтау арқылы үлес қосса дейміз, – деді аудан әкімі Жәнібек Есенұлы. 

Мемлекеттік мекеме қызметшілері мен қоғамдық ақылы жұмысшылар, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала, медициналық ұйымдар, ауыл билері, коммуналдық мекемелер, жастар және аудан тұрғындары атсалысқан тазалық акциясында Абай ауылы аумағын секторларға бөлініп тазаланды. 

Сенбілік барысында Келес өзенінің қазіргі және ескі арналары қоқыстардан тазартылды. Әлеуметтік нысандар орналасқан, атап айтқанда орталық мешіт аумағындағы гүлзар аймағы және аурухана сондай-ақ республикалық А-15 трассасы бойындағы қоршаулар сырланып, бей-берекет өскен шөптер жойылды. Ағаштар бұталып, қоғамдық орындарға түрлі гүлдер мен көгалдар себілді.

Жалпы сенбілік барысында 141 тонна қоқыс  арнайы орынға шығарылды. 11 мыңнан аса ағаш бұталып, түбі ақталды. 12 шақырымды құрайтын ирригация жүйелері ретке келтіріліп, 400-ден астам ағаш бұталары отырғызылды. Тазалық акциясы жалғасын табатын болады. 

535

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.