«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза өлке» апталығында кентаулықтар жаппай сенбілікке шығып, қала тазалығына атсалысты,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаланы абаттандыру бойынша қала әкімі Жандос Тасов өзі бастап, аллеялардағы орындықтарды әрлеп, реттеу шараларын атқарды. Игі шараға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, барлық мемлекеттік қызметкерлер, коммуналдық сала қызметкерлері қатысты.
Қала әкімі барша қала тұрғындарын қаланы көріктендіру бойынша әрбір тұрғын үй алаңын тазартуға, әрбір тұрғын өз ауласына талдар отырғызып, қала тазалығын сақтауда атсалысуға шақырды.
Аталған сенбілікке 400-ге жуық адам тартылып, 12 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, талдар әктеліп, ағаштар қырқылып, 25 көше қоқыстан тазартылды. Жалпы, 95 тоннаға жуық қоқыс арнайы қоқыс полигонына шығарылды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.