“Таза Қазақстан”: Түркістанда егілген гүлдер саны 200 мыңға жетеді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 9 сәуір, 2024

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында  ауқымды шара жалғасуда,- деп хабарлайды Turkistan.today.

Аталған шараға тұрғындар, мемлкеттік мекемелер мен кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысты. 


Акция аясында  бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізіліп, ағаштар әктелініп, аяқ жолдар қоқыстан тазартылды. Саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді. 


Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам –  Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.   


Жалпы, биыл көктем айларында қала аумағына және саябақтар мен көшелерге, тағы басқа нысандарға 104 300 түп көшет  егілді. Атап айтқанда, терек, емен, ива, үйеңкі, катальпа, арша, кіші жапырақты қарағаш, өрік, аморфа егіліп, қаланың сәніне сән қосты. Шаһарда 200 мың түп гүл отырғызылуда. «Таза Қазақстан» акциясы бұл жұмыстарға айрықша серпін беріп жатыр. Көгалдандыру жұмысы күшейе түсті. 

Айта кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталған болатын. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

426

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.