Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Көксәйек елді мекенінде туған Нұрсұлтан Қаппаров осыдан 6 жыл бұрын 2017 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауылына көшіп барған. Суық жер деп жатсынбай бара салып еңбекке кіріскен. Әуелі ауылға қажетті кәсіп түрлерінен бастаған, деп хабарлайды Turkistan Today.
Мемлекеттік грант есебінде төмен пайызбен несие алып, ауылда шаштараз ашып, бірнеше тұрғынды жұмыспен қамтыған. Кейін самса пісіріп, сататын орын дайындайды. Қос кәсіптен жақсы пайда тапқан кәсіпкер ауыл аймағында дәмхана мен көлік жуу бекетін ашқан. Осылайға ол бүгінде 10-нан астам ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта көлік жөндеу орталығын ашпақ ниетте.
Нұрсұлтан Қаппаров бүгінде екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Қаппаровтар отбасы биыл оңтүстіктен тағы 10 отбасының көшіп келуіне себепші болған. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Шарбақты ауылына күнгей өңірден тағы 10 отбасы келмек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.