Серіктестер

Threads-тегі жаңа тренд: Қазақстан күні

Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз
Түркістан 9 желтоқсан, 2025

 

Танымал продюсер қазақстандықтарды әр сәрсенбіні жағымсыз пікірлерсіз өткізіп, ел туралы тек жақсы дүниелермен бөлісуге шақырды.

Белгілі қазақстандық кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев Threads әлеуметтік желісінде жаңа бастама көтеріп, әр аптадағы сәрсенбіні «Қазақстан күні» деп атап өтуді ұсынды. Оның идеясы бойынша бұл күні қолданушылар жанжалдан, сын мен негативтен бас тартып, тек ел туралы жылы әрі шабыт беретін жазбалар жариялауы тиіс.

Қоянбаев қазақстандықтарды жақсы жаңалықтармен, өмірлік оқиғалармен және Қазақстан жайлы қызықты деректермен бөлісуге үндеді. Сонымен қатар, ол шетелде тұратын отандастарға арнайы үндеу жасап, Қазақстан туралы олар тұрып жатқан елдің тілінде жазуды ұсынды.

Бұл бастаманың мақсаты — әлеуметтік желілерде тыныштық пен достық атмосферасын қалыптастыру. Идеяны блогерлер, өнер адамдары және желі қолданушылары белсенді қолдады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.