Сүңгуір қайық "Титаник" батып кеткен кемесімен танысу үшін 4 мың метр тереңдікке түскен.
Жексенбіден бері құтқарушылар Солтүстік Атлант мұхитында жоғалып кеткен сүңгуір қайықты іздестіруде, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Бортта 5 адам (Франция, АҚШ, Ұлыбритания мен Пәкістан азаматтары) бар "Титан" (Titan Sub) шағын сүңгуір қайығы Солтүстік Атлантикадағы "Титаник" батып кеткен кемесімен танысу үшін 4 мың метр тереңдікке түскен.
"Titan Sub" - Oceangate компаниясына тиесілі шағын суасты көлігі. Оның салмағы 10 тонна, ұзындығы 6,7 метр және су астында 96 сағат бола алатын қайық бес адамға дейін сыйдыра алады.
Қазіргі уақытта құтқару операциясын Канада мен Франциядағы әріптестерінің қолдауымен америкалық қарулы күштер жүргізіп жатыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.