Әнші Жазира Байырбекова жолда көлікпен келе жатып, оқыс жағдайға тап болғанын айтты, деп Turkistan Today жазды turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Кеше түнде, таңғы 3-4 шамасында Жаркенттен қайтар жолда Шелекке жақын көпірдің астынан көлікпен өте бергенде төбемізден оқ атылды. Көбіне төбесін ашып қоятын едім, қайта дәл сол сәтте жауып қойғанмын. Әйтпесе басыма тиетіні анық. Люк шашылып қалды. Өзіміз аманбыз, шүкір! Қап-қараңғы, ештеңе көре алмадық. Түнде жүрмеуге тырысыңыздар. Кімдер, не үшін, түк түсінбедік» деп жазған әнші желі парақшасында.
Желі қолданушылары әншіге амандық тілеп, алаңдаушылық білдіріп, түрлі пікір қалдырды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.