Төреғали Төреәлі тағы да қамауға алынуы мүмкін

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Шоубизнес 21 қыркүйек, 2023

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәлі) қатысты қылмыстық іс қаралуда. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс билік өкілін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша (ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігі) қозғалған.

Аталған бап сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді.

Айта кетейік, 14 маусымда әлеуметтік желіде белгілі эстрада жұлдызы Төреғали Төрәлінің мас күйінде көлік айдап полицияға түскені туралы видео тарады. 20 тәулікке қамалып, жазасын өтеген соң, 4 шілдеде Алматыда жол ережесін бұзғаны үшін тағы жазаға тартылды.

2.5k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.