Маусым айында Алматы жолдарында полициядан қашып 23 күнге түрмеге қамалған белгілі әнші Төреғали Төреәлінің суреті жария болды, деп Turkistan Today хабарлайды Arbat.media сайтына сілтеме жасап.
Мұны желі қолданушылары бұрынғы сурет десе, кейбірі әнші үнсіз ғана қамаудан босап, әзірге «тыныш» жүргенін айтуда.
Осыданүш аптадан астам уақыт бұрын есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп, Алматы көшелерінде полициядан қашқан Төреғали Төреәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Ол өзінің өрескел әрекеті үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Сонымен бірге, 20 күнге қамауға алынса, кейін оған тағы 3 күн қосылды.
Әншінің күштік құрылым өкілдерімен ұсталуынан кейін оған әлеуметтік желіде әріптестері қолдау көрсетті. Мәселен, Тоқтар Серіков жазба жариялав, «Еркелігіңді көтеретін елің қалмапты» деген болатын.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.