Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза есірткіге мас күйде көлік жүргізіп, полицияға ұсталған Төреғали Төреәлі туралы пікір білдірді, деп Turkistan Today хабарлайды Arbat.Media сайтына сілтеме жасап.
Екі күн бұрын Алматыда жол ережесін өрескел бұзып, полициядан қашқан танымал әнші Төреғали Төреәліге қатысты депутат әлеуметті желіде жазба жариялады.
Батыс қоғамында мас күйінде ұсталған әнші/әртістің абыройы айрандай төгіліп, студиялармен жасасқан келісім шарттары жойылып, теледидарға шыға алмай, қарабет болып қалады. Ал бізде олай емес. Көресіңдер, Төреғалиды тойға шақыратын қазақ әлі-ақ табылады, — деп жазды ол.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.