Туған жерді аялау – азаматтық парызымыз

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 12 сәуір, 2024

Құрметті жерлестер! Мемлекет Басшысы көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырған болатын.Президентіміз бұл жұмыстарға барша тұрғындарды тарту маңызды екенін атап өтті.

Осы орайда, 8 сәуірде республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясыбасталды. 5 аптаға созылатын науқанның әр аптасының нақты мақсаты мен  тақырыптары белгіленген.

Бірінші аптада,  яғни, 6-13 сәуір аралығында өтетін акция «Таза өлке» деп аталады.  Бұл күндері барлық аудан, қала тұрғындары, қоғам белсенділері, еріктілер, түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері өздеріне белгіленген аулаларды тазалайды.

Қазіргі таңда облыста бұл акция бойынша қызу жұмыстар жүргізілуде. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес барлық, аудан қалаларда сенбіліктерұйымдастырылуда.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде екімыңға жуық көше бойлары тазаланды. 850 тонна қоқыс шығарылды. Бұдан бөлек,ағаштар әктеліп, саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді.

Көпірлер, өзендер, каналдар мен бұлақтардың арналары жиналды. 145 мыңға жуық ағаш және бұта отырғызылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Әрине, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен         қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Сондықтан, әрбір тұрғын өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұлолардың өңір тазалығына қосқан үлесі болары анық.

Науқанның 13 сәуірден 20 сәуірге дейін жалғасатын екінші аптасы «Киелі мекен» деп аталады. Бұл күндері тарихи-мәдени ескерткіштер аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 

Ал, 20-27 сәуір аралығындағы үшінші апта«Жасыл аймақ» деп аталады. Бұл акция аясында ағаш көшеттері отырғызылады және ағаштар әктеледі. 

Науқанның 27 сәуірден 4 мамырға дейін жалғасатын төртінші аптасы «Өнегелі ұрпақ»деп аталады. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп дана халқымыз айтқандай, қарияларымызды құрметтеп, оларға көмек көрсету өнегелі іс. Сондықтан, «Өнегелі ұрпақ» күндерінде ардагерлер мен қарттардың аулалары тазаланып, оларды абаттандыруға көмек беріледі.

«Мөлдір бұлақ» деп аталатын соңғы, бесінші аптада, яғни 4-11 мамыр аралығында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылатын болады.

Жалпы, бұл шаралардың барлығықоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға,   әрбір азаматтың экологиялық мәдениетінқалыптастыруға бағытталған.

Әрине, қоршаған ортаны таза ұстау бір реттік науқан емес, баршамыздың тұрақты өмірлік қағидамыз болу керек.

«Отан – елдің анасы» - демекші, туған жерімізді аялау оны әрқашан таза ұстаубәріміздің міндетіміз.

Сондықтан, еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қосайық!

Әрқашан бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болып, Тәуелсіз еліміз көркейе берсін!

 

 

 

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы

Нұралы Әбішов

392

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.