Түлкібаста экоакцияға барлық ауыл округтер атсалысып жатыр

Түлкібаста экоакцияға барлық ауыл округтер атсалысып жатыр

Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза өлке» апталығы өтіп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін аудан әкімі Н.Ізтілеуовтың тапсырмасына сәйкес, Тастұмсық, Азаттық, Т.Рысқұлов ауылдарында тазалау, әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Шараға еріктілер мен белсенділер, түрлі мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары жұмылдырылды. 

Ауданның 15 ауылдық округінде жүргізіліп жатқан акцияға жалпы 600-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстары барысында 35 тонна күл-қоқыс шығарылған. Шара аясында белсенділер әрбір ауыл тұрғынын өз ауласынан бастап тазалықты қалыптастыруға және сенбіліктерге белсенді түрде қатысуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0