Түлкібастағы қандастарға қол ұшын созайық

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 12 мамыр, 2023

Түлкібас кентінде, 2007 жылы Өзбекстан мемлекетінің Бұхар, Хорезм облыстарынан қоныс аударған қандастар тұрады. Отбасындағы 1949 жылғы кемпірдің өзбек паспорты 1999 жылы мерзімсіз уақытқа берілген. Төл құжатының мерзімдері 2016 жылы аяқталған ұлының жасы 52 жаста, қызы 51 жаста екен.

Өздері үй-жайлары жоқтығымен қоса олар мүгедектікпен алысып келеді. 2007 жылы Өзбекстаннан тіркеуден шығып, Қазақстанға қоныс аударған. Содан бері әр үйдің табалдырығын тоздырған. Бұл туралы хабарлайды Turkistan Today.

Бірнеше жыл бұрын, (өздерінің айтуы бойынша) «Қаракет» телебағдарламасының ықпалымен, осы Түлкібас кентінен Шымкенттік азамат үй алып беріпті. Бірақ, үй кімнің меншігінде тұрғанын өздері білмейді. Қазір, олар мүгедектік жәрдемақы алмайтын көрінеді. Көрші-қолаңның көмегімен перондағы сатушы кәсіпкерлерге (анда- санда) жәрдемдесіп, тіршілік етуде.

«Егер, көмек қолын созуға емеурін білдірсеңіздер, құжаттарын жіберейін және өздерімен ватсап арқылы жүздестірейін. Хабар беріңіздер?!» - деп  жақсылыққа себепкер болғысы келген Қонысбек Жетпісбаев есімді әлеуметтік желі қолданушысы аталмыш жайтты өзінің фейсбук парақшасында жариялады.

Бүкіл отбасымен мүгедек болып отырған отбасылар қаншама? Оларға көмек берер жомарт жүректі жандарың санаулы, Үкіметтен үміт бар ма? Әлде жергілікті атқарушы билік бұл оқиғаға бей-жай қарап отыра бере ме?

Қоғам мен қандастың «жарасын» көрмейтіндерге көзілдірік сыйлаймыз ба, пандемия кезіндегідей өз дәрімізді өзіміз тауып күн кешеміз бе? Маңыздысы, мәселені шешу жолында бәрі кеш болып қалмаса игі еді…

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.