"Тұңғышы екенінде шаруасы жоқ": Сәбилі болған Алтынай Жорабаева күйеуі қандай сезімде жүргенін айтты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Шоубизнес 10 қаңтар, 2024

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаева күйеуінің жаңа туған сәбиіне қалай қарайтынын айтты, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесінің жолдасы қалай бала ұстауды жаңа туған анаға үйретіп жүрген көрінеді.

“Маған абайлап көтер, абайлап жатқыз деп ақыл айтып жүр. Негізі бұның алдында төртеу туғанымда, бұл өзінің тұңғышы екенінде дым шаруасы жоқ. Әлі талай қызық болайын деп тұрған сияқты. Қазір кеше ғана тұрмысқа шығып, психолог болып кеткендер бар ғой. Отбасылық өмірге енді қадам басса да, отбасы, бала тәрбиесі туралы сабақ өткізіп жүреді. Солай болайын деп тұрған секілді бізде”, – деді әнші. 

Әншінің айтуынша, күйеуі қызының күтіміне қатысты жоспар да құрған. 

“Әлішер кір жуатын машинаны да қайтадан тазалаймын деп отыр. Жақында ғана тазалаған едік. Жоспары сол. Ауыз толтырып әңгіме етіп айтып отыр”, – деді өнер иесі.

838

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.