Конференция лигасының плей-офф кезеңінде швейцариялық «Базельге» қарсы өз алаңындағы матчта Түркияның «Трабзонспора» футбол клубының фанаттары Түркияда болған жойқын зілзала салдарын жойып, адамдарды аман алып қалуға ат салысып жатқан құтқарушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды Turkistan Today inform.kz порталына сілтеме жасап.
Фанаттар баннер іліп қойған. Онда үйінді астынан адамдарды шығаруға көмектесіп жүрген, қолына бала ұстаған құтқарушы бейнеленген. Құтқарушының темір қалпағында түрік халқына қайғылы апаттың салдарымен күресуге көмектесіп жатқан әр елдің тулары бейнелеген. Олардың қатарында Қазақстанның да туы бар. ҚР ТЖМ қызметкерлері Түркияның екі елдімекенінде іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Кейінгі дерек бойынша, Түркиядағы зілзаладан қаза тапқандар саны 36 мың адамнан асты.
Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жедел көмек көрсетуге миллион доллар бөлді. Сондай-ақ мемлекет басшысы Үкіметке Түркияға 55 тонна көлемінде қосымша гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.
Қазақстандықтар да Түркияның зардап шеккен тұрғындарына белсенді түрде гуманитарлық көмек жинап жатыр. Кахраманмарашта Қазақстан жіберген алғашқы киіз үйлер құрыла бастады.
6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы жеті балдан жоғары екі жер сілкінісі тіркелді. Жүздеген афтершокқа жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, оның ішінде Сирияда сезілді.
Президент Режеп Тайып Ердоған елде жеті күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.