Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихатты таратып, кезектен тыс сайлауын 19 наурызға белгіледі, деп хабарлайды Turkistan Today.
Осыған орай, Түркістан облысы бойынша 1 274 сайлау комиссиясы құрылды.
Олардағы жалпы комиссия мүшелерінің саны – 8 070. Бүгінгі күні барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары толық жасақталған. Сонымен қатар, дауыс беру күні 941 сайлау учаскесінде 8 мыңға жуық байқаушы жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының бекіткен қағидасына сәйкес, байқаушылар ұсынатын қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда сайлауға байқаушыларын жолдауға ниетті 30-ға жуық қоғамдық бірлестіктерден аумақтық сайлау комиссияларына өтініштер түсті.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.