Түркістан: Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктерге құрылысшыларға құрмет көрсетті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 29 ақпан, 2024

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер құрылысшыларға құрмет көрсетті,- деп хабарлайды turkistan.today.

Игі шара барысында облыс орталығында салынып жатқан «Достық үйінің» құрылыс алаңында ақ дастархан жайылып, ас берілді, құран оқытылды. 

Аталған ғимараттың құрылысы бүгінгі таңда қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бой көтеріп жатқан «Достық үйі» биыл қазан айының соңында пайдалануға берілмек.

Бірлікке үндеген шарада сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев Алғыс айту күні мерекесінің елдігімізді нығайтуда маңызы зор екенін ерекше атап өтті. 


Ал құрылысшылар өздерінің еңбектерін елеп-ескергені үшін этномәдени бірлестік өкілдеріне шынайы ризашылықтарын білдірді. Олар өз сөзінде құрылыс нысанын мерзімінде әрі сапалы аяқтауға күш салатынын жеткізді. 

Жиын соңында бірқатар этномәдени бірлестіктердің жетекшілері ізгі тілектерін білдіріп, жұртшылықты ынтымақ пен қажырлы еңбектің арқасында Жаңа Қазақстанды өркендетуге шақырды.

431

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.