Арыс қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қаламызға қарасты 6 ауылдық округтің дихандары жеткізген өнімдер әдеттегідей, нарықтағы бағадан анағұрлым төмен бағамен сатылды.
Арыс-1 теміржол вокзалы алдында өткен жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. Сөреге көкөніс, ет, сүт және жеміс-жидек, бақша мен дәнді дақылдар, тіпті кептірілген жемістерге дейін, жалпы көлемі 35-тен астам жуық өнімдер саудаланды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Жәрмеңкенің басты артықшылығы - бағаның төмендігі. Диқандар мен малшылардың биылғы еңбегі еленіп, қол жеткізген жетістігі жиналғандар алдында сараланды. Азық-түлік нарықтық құннан 15-20 процентке төмен саудаланды. Тауар өндірушілер өнімдерін делдалсыз сатып, табыс тапты. Келушілер адал азығын қолжетімді бағаға ұсынған шаруаларға алғысын жаудырды.
-Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес ауылшаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті. Әдеттегідей, жәрмеңкеде тауарлар нарықтан төмен сатылды. Мәселен, қой еті 2200-ден, 5 литрлік пісте май 2500-ден, ал картоп 120-110-нан саудаланды. Жалпы, бағалардың бағасы тікелей назарымызда. Бұл өз кезегінде халықтың арзан бағада азық-түлік сатып алуына септігін тигізеді, - деді Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Нұрлыбек Біләлбеков.
Жәрмеңкеде барлық ауыл шаруалары ет өнімдерін саудалады. Сондай-ақ, Монтайтас шаруалары таза бидай өнімдерін әкелсе, ақдалалық шаруа биогумуспен өсірілген, яғни еш табиғи қоспасыз өскен асқабақтарды қолжетімді бағада саудалады. Ал, Жиделі шаруалары өздерінің әйгілі қауын-қарбыздарын, жеміс-жидектерін ұсынса, байырқұмдықтар картоптан бастап, сәбіз, табиғи бал өнімдерін паш етті. Түйелі ауыл саналатын дерменеліктер қымыраннан бастаған сүт өнімдерін әкелсе, қожатоғайлықтар сыр жағасында өскен етті әрі құнарлы ет өнімдерін көптеп әкелді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.