Түркістан: Арыста азық-түлік дүкенінде әлеуметтік бұрыш ашылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 6 қазан, 2023

Арыс қаласының орталығында орналасқан «Ақниет» дүкенінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті нарықтағыдан төмен бағада саудалайтын әлеуметтік бұрыш ашылды. Қазіргі таңда,  тағы бірнеше дүкенде осындай әлеуметтік бұрыш ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Turkistan Today.


Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда  маңызы зор жоба туралы қала әкімдігі мамандары аталған дүкен иесіне ұсыныс айтқан. Нәтижесінде, кәсіпкер мен «TURKISTAN» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арасында келісімшарт жасалынып, мұнда бірнеше азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен бағада сатылуда. 


Мәселен, елу килолық 1 сортты ұнның қабы - 10000 теңге, макарон өнімдері - 300 теңге, картоп - 110 теңге, шекер 380 теңгеден сатылуда. Кәсіпкер жоғарыда аталған корпорация арқылы алдағы уақытта басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін алып келуді көздеп отыр. Аталған дүкен, Арыс қаласындағы Байжанов көшесінде орналасқан. 


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

935

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.