Түркістан: Арыста маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестормен келіссөз жүргізілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 21 ақпан, 2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік «Longshuntai» компаниясының өкілімен кездесті. Кездесу барысында әріптестік орнату, жаңа  жобаларды жүзеге асыру мәселесі қаралды,-деп хабарлайды Turkistan.today.

Инвестор Арыс қаласында тамшылатып суару әдісі арқылы жеміс пен көкөніс өнімдерін өндіруді көздеп отыр. Дәлірек айтсақ, қызанақ кластерін дамытуды қолға алмақ. Ол инфақұрлымы дайын, бірақ қазір жұмысы тоқтап тұрған шаруашылықтардың бірін қаржыландыруға дайын. Сонымен бірге жүгері өсіруге де ниетті.

Кездесуде Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова инвестордың әлеуеті мен жоспарына тоқталып, әріптестік оң нәтиже береріне сенім білдірді.  Екі тарап жобалар бойынша терең талдау жасап, зерделеу нәтижесі дұрыс шықса, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

370

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.