Апта басында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды. Өңір басшысы: «Түркістан облысындағы су қоймалары еріген суды қабылдауға дайын. Дегенмен төтенше жағдайдың алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет», деп су тасқыны қатерінің алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын, деп хабарлайды Turkistan Today.
Осыған орай, Арыс қаласында ең ірі тасқын суды өткізетін «Қабылсай» арнасын қоқыс пен топырақтан, қаумалап өскен ағаш-бұталардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті жұмыстарды «Жасыл Арыс» КММ-нің жұмысшылары сол аумақта тұратын тұрғындарымен бірлесіп атқаруда.
Бұдан бөлек, қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес, арна бойындағы өздігінен салынған заңсыз нысандарға (қоралар, құрылыс обьектілері, т.б) талдау жасалып, заң аясында тиісті шаралар жүргізілетін болады.Жалпы, қазіргі таңда Арыс қаласына қарасты су қоймалары мен өзен-көлдердегі су деңгейі қадағалауға алынып, ондағы жағдайға күнделікті мониторинг жасалуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.