Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде,- деп хабарлайды Turkistan.today порталы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айтулы күнге орай, Арыста қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киімдер шеруі» өтті.
Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары, сондай-ақ №17 колледж студенттерінің бастамасымен үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек пен кимешекті аналар және шапан киген ерлер ұлттық киімдерді паш етті.
Мерекелік шеруде белгілі ісмер Гүлмира Үсенбаеваның кішкентай бүлдіршіндерге арналған ұлттық нақыштағы сәндік киімдері де көрсетілді. Шара барысында колледж студенттері ұлттық нақыштағы киімдерді өздері дипломдық жұмыс ретінде тіккен. Осылайша болашақ маман иелері жылдағы наурыз мерекесін ерекше атап өтуді ұйғарған.
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», – деп ұлы адамдар бекер айтпаса керек-ті. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де әсемдігімен ерекшеленеді. Тәуелсіз елімізде ұлттық сананы өрістетемін дегендерге ерекше қолдау көрсетіле береді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.