Түркістан: Аудандық орталық ауруханалар күрделі жөндеуден өтіп жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 16 қазан, 2023

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасы негізінде халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында өңірдегі медициналық мекемелерді жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жүргізілуде. Осы мақсатта Түркістан облысында 4 аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ, медициналық мекемелер материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілетін болады. Аталған жұмыстарға қажетті қаражат республикалық бюджеттен қаралып отыр, деп хабарлайды Turkistan Today.

Айта кетейік, былтыр Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар, биыл жыл соңына дейін Сарыағаш және Жетісай аудандық орталық ауруханаларының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сарыағаш ауданындағы орталық ауруханаға арнайы барып, жөндеу жұмыстарымен танысты. Сапар аясында мердігер мекемеге нысанды уақытылы әрі сапалы аяқтау қажеттігі тапсырылды. Ел тығыз орналасқан шекаралы аймақта заманға сай аурухана болу қажеттігі айтылды. 

Ал Сайрамдағы медициналық нысанның жобалық сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Аурухананың жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

588

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.