Бүгін «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ ұйымдастыруымен «Turkistan Travel Fest» шарасы аясында Түркістан облысындағы ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін арнайы тур басталды. Турдың алғашқы күнінде Шолаққорған ауылынан келген балалар Кентау трансформатор зауыты, Ұлы Дала музейі мен «Farab» кітапханаларын аралайды. Экскурсия барысында оқушыларға өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі туралы ақпараттар берілуде, деп хабарлайды Turkistan Today.
Тур - оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу, техникалық мамандықтарға басымдық беру, өнеркәсіптік кәсіпорындармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған. Балалармен бірге жергілікті БАҚ өкілдері қатысып жатыр.
Жоба аясында Түркістан облысындағы 5 ауыл, яғни Шолаққорған, Ораңғай, Шорнақ, Ынталы және Ынтымақ ауылдарынан жалпы саны 150 бала қатысады. Оқушыларға арналған экскурсия 13-17 қараша аралығында жалғасады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.