Түркістан: Бәйдібек ауданы тұрғындарының өтініштері қаралды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 21 маусым, 2023

Бүгін  «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі  Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауыл округі Мыңбұлақ елді мекенінде кезекті мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауын өткізді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы  тапсырмасына сәйкес, ұйымдастырылған мобильді көшпелі қоғамдық  қабылдауға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы Алтынсары Үмбеталиевтың төрағалығымен 26 астам облыстық департамент, басқарма, жергілікті мемлекеттік мекеме қызметкерлері және облыстық, аудандық мәслихат депутаттары тұрғындардың арыз-өтініштерін қабылдады. 

Оларға бәйдібектік 88 тұрғын өз мәселесін айтып көкейтесті сауалдарын жолдады. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі  инфрақұрылым, ауылшаруашылық, интернет, жұмысқа мәселелерін алға тартты. Ойын, спорт алаңшаларын салу жөнінде де тұрғындар өз сұрақтарын айтты. 

 Жергілікті халықтың толғандырған мәселесі қатарында ауданның өзекті проблемасына айналған Мыңбұлақ ауыл округі Қайнарбұлақ ауылындағы су жинайтын башня және қосалқы трансформатор қажеттігі, Мыңбұлақ және Мәдениет ауылында 1970 жылдары қойылған электр ағаш бағаналарын ауыстыру мәселелері, 
Арыс-Түркістан каналының бойындағы Р-14-3 бұлақтан шыққан жерінде 1км жерде лоток жоқтығына байланысты, жаңадан лоток салу қажеттігіде бар.

Жалпы алғанда 88 тұрғын бір емес бірнеше проблемаларды ортаға салып көңілге қонымды жауаптарын алды. Әр облыстық және аудандық мемлекеттік қызметкерлер мен халық қалаулылары барлық өтініштерді қабылдау кезінде оңтайлы шешіліп, қаралуды талап ететін өтініштерді хаттамаға түсіріліп оң шешілуіне дейін бақылауға алды.

1.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.