Бұл туралы Түркістан облысы мәдениет басқармасының алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Мемлекет басшысының балаларды тегін шығармашылық үйірмелермен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында елімізде 2021 жылы шығармашылық үйірмелер бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмі енгізілді.
Бұл орайда, Түркістан облысында «ArtSport» жобасы бойынша арнайы платформа іске қосылып, облыс әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар жалғасып келеді. Былтыр өңірде 145 мәдени-шығармашылық үйірме ашылып, 7 487 бала қамтылды. Сондай-ақ, 270 спорт секциясы ашылып, оған 23 982 бала барған.
Биыл өңірде жоба шеңберінде балалардың спортпен, дене шынықтырумен айналысуына үлкен көңіл бөлініп отыр.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың мәлімдеуінше, жобаға қатысушылардың құжаты электронды түрде қабылданады. Бағдарламаны жүйелі іске асыру бағытында барлығы автоматты түрде есептеліп, қаржыландырылатын болады. Бұл - жүйенің ашықтығы үшін қолға алынып отыр.
«Жобаның басты мақсаты – спорттық үйірмелерге ақша төлеп қатысуға мүмкіндігі жоқ көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегін үйірмемен қамту. Өткен жылы «ArtSport» жобасын жүзеге асыруға 1,6 млрд теңге қаржы қаралған болатын. Ал биыл аталған жобаны іске асыруға 4,6 млрд теңге бөлінді. Оның 2,2 млрд теңгесі мәдениет саласындағы шығармашылық үйірмелерге бағытталды. Жалпы облыс бойынша 30 мың бала спорт және шығармашылық үйірмелерге қатысады деп жоспарланып отыр», - деді Бейсен Дәулетұлы.
Аталған жұмыстарды мәдениет басқармасы мен спорт басқармасы жүргізеді.Еске сала кетсек, биыл қаңтар айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов елімізде «Artsport» жобасы жалғасатынын, бірақ жаңа форматта болатынын және өткен жылы ережелері қабылданғанын айтқан еді. Бұл ретте, әр өңір аталған бағдарлама бойынша өз бағдарламасын әзірлейді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.