Шардара қаласында бокстан 2005-2006 жылы туған жастар және 2007-2008 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ІІ-халықаралық «Шардара кубогы» жарысы өтті, деп хабарлайды Turkistan Today.
Байрақты бәсекеге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген былғары қолғап шеберлері қатысты.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысты.
Қыркүйек айының 14-17 аралығында өткен былғары қолғап шеберлерінің айқасы өз мәресіне жетіп, жарыста 57 келі салмақ дәрежесінде шардаралық Ұлжан Сәрсенбек қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тағынып, жарыстың «Үздік спортшысы» атағын жеңіп алды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.