Түркістан: Дәрігерлер “Таза Қазақстан” акциясында игі іс атқарды

Түркістан: Дәрігерлер “Таза Қазақстан” акциясында игі іс атқарды

Мемлекет басшысының бастамасымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды,- деп хабарлайды Turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы орайда Түркістан облысында «Таза өлке» апталығы басталып, аудан-қалаларды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 


Апталық аясында ордабасылық медицина саласының қызметкерлері сенбілік өткізіп, емхана ауласына 100 түп қарағаш, 200 түп калифорниялық терек пен 40 түп шынар отырғызды. Одан бөлек бой алған ағаштардың түбін, аумақ қоршауларын сырлап, бояды. Сонымен қатар 1000 дана гүл көшеті отырғызылып, санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.  
Ал Созақ ауданында 100-ге жуық медицина қызметкерлері Шолаққорған ауылындағы Жібек жолы көшесі бойында арықты тазалап, тал көшеттерін әктеді. Сондай-ақ қоқыс қалдықтарын жинады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0