Түркістан: ең үздік үш өнім анықталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 14 қыркүйек, 2023


Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңір аумағында ҚР Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» аясында қаржылай емес қолдау шараларының бірі ретінде «Мен – кәсіпкер» құралын жүзеге асыруда. «Мен – кәсіпкер» құралының қызметтерінің бірі  «Бір ауыл – бір өнім» жобасы, деп хабарлайды Turkistan Today.


Жыл басынан бері жобаға қатысуға ниетті кәсіпкерлерден 60-тан астам өтініш түсті. Солардың ішінен жобаның мақсаты мен талаптарына сәйкес келетін  17 кәсіпкердің өнімі «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-байқауына қойылды. Негізінен «Бір ауыл – бір өнім» кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнім өндіру жолымен ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті шикізаттан өнімді әзірлеу және ілгерілету жөніндегі қызметтерді ұсынуға бағытталған жоба.


«Алдын ала құрылған жұмысшы топ көрмеге қатысушы кәсіпкерлердің өнімдерін саралай келе 10 өнім үздік деп танылған болатын. Бүгін Бренд комитет отырысында әр кәсіпкер өз өнімін таныстырды. Комиссия мүшелері бағалау парағы арқылы тиісті талаптарға сәйкес өз бағаларын берді», - деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.


Бренд комитет мүшелері басқосуда бұрын соңды білмеген өнім түрлерін көргенін атап өтті. Сондықтан барлық отандық өнімге лайықты деңгейде қолдау білдірілуі керек. Нәтижесінде ең үздік үштік деген атқа былғарыдан жасалған бұйымдарын ұсынған арыстық Алмакүл Есенкұлова, қатырылған жеміс-жидек пастилаларының пайдасын айтқан төлебилік Феруза Басуова, ұлттық өнімдерді насихаттап жүрген түркістандық Әйгерім Номанова лайықты деп танылды.


Үздік үштік атанған кәсіпкерлерге Асылан Сейілбекұлы сертификат табыстап, сәттілік тіледі. Жоба үздігі ретінде кәсіпкерлерге республикалық деңгейде сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, палата тарапынан қолдау білдірілмек.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

656

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.