Түркістан: еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 342 млн теңгеден аса айыппұл өндірілді

  Түркістан: еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 342 млн теңгеден аса айыппұл өндірілді

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Берік Ибадуллаев айтты.
 

– 2022 жылдың 12 айында еңбек қатынастары саласы бойынша 304 тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 427 заң бұзушылық анықталды. Оның 382-і заңға сәйкестендірілді. Ал қалғандарының орындау мерзімі бар. Сондай-ақ, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 81 мекеме басшысына жалпы 7,1 млн теңге айыппұл салынып, өндірілді. Одан бөлек, облыс бойынша 9 кәсіпорында 1406 жұмыскер алдында 348,4 млн теңге жалақы қарызының орын алғаны анықталды. Оның ішінде 1394 жұмыскер алдында 342,7 млн теңгесі төленіп берілді. Өндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деді Берік Серікбайұлы.
 

Спикердің сөзінше, жалақы қарызына жол берген мекеме басшыларына 1,9 млн теңге көлемінде 9 әкімшілік айыппұл салынып, өндірілген.
 

Одан бөлек, өңірде 3 еңбек жанжалы орын алып, оның барлығы шешілді. Әлеуметтік шиеленістің туындау тәуекелі бар 25 кәсіпорын анықталып, олармен еңбек заңнамасының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатында 11 кәсіпорын профилактикалық бақылаудан өткізілді. Тексеру нәтижесімен заң бұзушылықтарға жол берген жұмыс берушілерге орындалуы міндетті нұсқамалар берілді.
Айта кетейік, биыл жыл басынан өңірде 51 өндірістік жазатайым оқиға орын алды. Салдарынан 53 адам зардап шекті. Өкінішке қарай 3 адам қайтыс болды. Ал еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша облыстағы құрылыс нысандарындағы ірі 27 мердігер мекемеге 2021 жылы - 4 реттен, 2022 жылы - 3 реттен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0