Түркістан қаласы 20 жаңа автобуспен толықты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 1 қараша, 2023

Бүгін Түркістан қаласындағы қоғамдық бағыттарға жаңа 20 автобус әкелінді. Қоғамдық көліктерді табыстау салтанатына Түркістан облыстық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Облыс орталығында қазіргі уақытта 21 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме («Жолаушы» ЖШС, «ТехПрофАвто» ЖШС) 220 дана қоғамдық көлікпен қызмет көрсетеді. Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы шаһарға жаңа 144 автобус алынған. Бүгін жаңадан алынған автобустар №7 және 31 бағыттарда қатынайтын болады.

ЕВРО-5 экологиялық стандарттарына сәйкес жаңадан келген «Saz LE-60» маркалы автобустар Өзбекстан елінде өндірілген. «Жолаушы» ЖШС тасымалдаушы мекемесі әр автобусты 50 млн теңгеден лизингпен алған. Жалпы сыйымдылығы - 60 адам. Автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандуспен және қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Жоғарыда аталған бағыттардың барлығына электронды төлем жүйесі енгізілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

554

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.