Түркістан қаласында «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 16 тамыз, 2023

2023 жылғы 17 тамызда Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Дархан Қыдырәлі, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, Бас мүфти
Наурызбай  қажы Тағанұлы мен қоғамдық ұйымдар, орталық және жергілікті атқарушы орган, құқық қорғау органдары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен ҮЕҰ қатысуымен «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі, деп хабарлайды Turkistan Today.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда әдеп нормасын қалыптастыру, профилактика шарасын егжей-тегжейлі талқылап, азаматтық сектор, жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп жедел
іс-қимыл жасау.

Жиынға қатысушылар отбасы институтын нығайту, балалардың қауіпсіздігі мен өмірі, ата-ана мен айналасындағы адамдардың жауапкершілігі жайында сөз сөйлеп, пікір алмасатын болады.  

Іс-шараның нәтижесінде ведомстволар арасындағы іс-қимылды жүйелі қылу мақсатында бірқатар нақты шараларды көздеу жоспарланған.

 

 

Өткізілетін күні: 17 тамыз 2023 жыл

Уақыты: сағат 11:00

Өткізілетін орны: «Конгресс Холл» ғимараты, кіші зал

Түркістан қаласы, Жаңа қала, 9 көше

 

Байланыс:

Баспасөз хатшысы Сұлтанбек Нұрлан Қайратбекұлы

8 708 813 77 35

997

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.